Аптадағы маңызды жаңалықтарСҚО әкімдігі

Қазақстан Конституциясы көшесіндегі ағаштар неге кесіліп жатыр?

Қоғамның қызу талқысындағы мәселе! Осы күндері Петропавлдың Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы ағаштар кесіліп жатыр. Бұл іс адамдар көп жүретін басты көшенің жаңғыртылуына байланысты атқарылуда. Бұған кейбір адамдар қарсылық танытып, өздерінің қайшы пікірлерін әлеуметтік желілерде жазуда. Аталған жайтқа қатысты шаһар басшысы Серік Мұхамедиев пікір білдірді.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

— Әлеуметтік желілерде таралып жатқан “сау ағаштарды кесіп жатыр” деген пікірлер шындыққа жанаспайды. Бұл жұмысқа кіріспес бұрын жасыл желекті тексердік. Нәтижесінде “Ағаштар әлсіреген, қурауға жақын” деп танылды. Алдағы уақытта қаланың бас көшесіне жаңа көшеттер отырғызамыз. Маңызды іс Жамбыл Жабаев пен Горький көшесі аралығында жүргізіледі.