Бұл ретте жылдық болжамды көрсеткіш 15,4 млн тонна деңгейінде белгіленген.
Өндіріс құрылымында әлеуметтік маңызы бар отын түрлері негізгі орын алады: бензин шығару 1,6 млн тонна; дизель отыны шамамен 1,5 млн тонна.
Нарықтың ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, энергетика министрлігі елдің мұнай өңдеу әлеуетін түбегейлі арттыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруға кірісті.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде: Павлодар мұнай-химия зауытының қуаттылығын 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін,
Шымкент зауытының қуатын 6-дан 12 млн тоннаға дейін, ал Атырау мұнай өңдеу зауытының қуатын 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
https://inbusiness.kz/kz/last/kazakstanda-3-7-mln-tonna-munaj-onimderi-ondirildi