СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Дархан Марденұлы Хайруллин атқарады. Ол – Омбы қаласының тумасы. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы «Экономика және менеджмент» және «Заңгер» мамандықтары бойынша тамамдаған. Әр жылдары сот орындаушысы, Ақмола облыстық сот әкімшілігінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде кеңесші, бөлім басшысы, хатшылық меңгерушісі, басшының орынбасары лауазымдарын атқарған. Ал осы тағайындауға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен.