Жергілікті тұрғын салмағы 5 келіден асатын қыз баланы өмірге әкелді. Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, нәресте перинаталдық орталықта 10 сәуір күні дүниеге келген. Сәбиге Ляйсан есімі берілді. Оның салмағы – 5190 грамм, бойы – 55 сантиметр.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел кесарь тілігі арқылы босанған. Операцияны тәжірибелі акушер-гинекологтар жасапты. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
Сәбидің анасы Индира жүктіліктің соңғы апталарында мұндай нәтижені тіпті күтпегенін айтады.
https://azattyq-ruhy.kz/news/106414-salmagy-5-keli-boiy-55-santimetr-kostanaida-alyp-kyz-bala-duniege-keldi