Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық гимназия-интернатында қауіпсіздік сабағы өтті. Кездесудің мақсаты – оқушыларға қауіп-қатерді дер кезінде танып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білуді үйрету, сонымен қатар сабыр сақтаудың маңызын түсіндіру.
— Балалар, көбінесе ғимаратта өрт туындаған сәтте, адамның қаза болуы өрттің тікелей әсерінен емес, көмірқышқыл газының улану себептерінен болады. Сол себепті, өрттің шыққанын байқасаңыздар, тез арада эвакуациялану қажет.
Оқушылар дәрісті мұқият тыңдап, мамандардың кеңестеріне құлақ түрді.
ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, Петропавл қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:
— Көбінесе төтенше жағдайлар адамдардың байқамауынан және салғырттығынан туындауы мүмкін. Мысалы, электр желілері, пештің дұрыс қаралмауынан және қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан пайда болады. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз!
Бүгінгі қауіпсіздік сабағына арнайы жасақ қызметкерлері де қатысты. Олар суық қару ұстаған адам қауіп төндірсе, қорғану тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕНҒАЛИЕВА, Ә.Досмұхамбетов атындағы ОДБМГИ директорының орынбасары:
— Бізде әр дүйсенбі сайын сынып сағаттары өткізіледі. Сол сынып сағаттарының 10 минуты қауіпсіздік сабақтарына арналған.
Табиғи апаттар, өрт кезінде әрекет ету, терроризм мен экстремизмге қарсы шаралар. Шамамен 1 сағатқа созылған сабақта осылар жан-жақты қамтылды. Барлығы оқушыларға ұнады.
— Өрт кезінде терезе ашсаң, өрт ұлғаяды екен. Бұрын бұны білмедім. Бұл қателік екенін түсіндім. Өте қызықты болды.
— Бізде бұрын осындай сабақтар жиі өтетін. Алайда, бүгінгі сабақ ерекше, себебі арнайы мамандар бізге бәрін тәжірибе жүзінде көрсетті”, 00:24-00:29 “Көптеген жаңа пайдалы ақпарат алдық.
Жалпы, қауіпсіздік сабағына гимназия-интернатта оқитын 60 оқушы қатысты.
Жаннұр Бектұрғанова