Денсаулық сақтау

«Құқықтық дәріхана» акциясы

Өңірде облыстық прокуратураның мұрындық болуымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясындағы дәстүрлі шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Оның барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері адамдар көп жиналатын жерлерде халықпен кездесті. Бұл – “Рахмет” сауда үйі. Мұнда акция қатысушылары мәселе толғандырған бірнеше азаматпен тілдесіп, ақыл-кеңес берді, өзекті жайттарды қағазға түртіп алды.

КЕНЕСАРЫ МҰХАМЕДЖАНОВ, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры:

— Ағымдағы жылдың басынан бері акция арқылы 1 мыңнан астам адам қамтылды. Барлық өтініш негізінде түсініктемелер берілді, ал кейбір мәселелер бойынша бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін жедел көмек көрсетілді.