Қазақстан жаңалықтары

2026 жылдың қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының әртараптандырылған өсімі 3% құрады

Бұл көрсеткіш негізінен шикізаттық емес секторлардың дамуы есебінен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды деп Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сапалы әрі орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндет өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру, өндіріс орындарын технологиялық жаңғырту арқылы іске асырылуда», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі өсім құрылымы экономиканың ішкі тұрақтылығының артқанын көрсетеді. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс және сауда салалары негізгі драйверлерге айналған.

https://azattyq-ruhy.kz/news/106422-kazakstan-ekonomikasy-ush-aida-3-osken