Қазақстан жаңалықтары

2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артып, 665,1 млрд теңгені құрады

Бұл көрсеткіш алдын ала жоспарланған 4,3% өсім деңгейінен едәуір жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізгі азық-түлік санаттарының басым бөлігінде оң динамика байқалды. Ең жоғары өсім сары май өндірісінде тіркеліп, көлемі 56,5%-ға артып, 8,1 мың тоннаға жетті.
Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнімдер 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті.

Ет консервілері өндірісі 12,9%-ға артты. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы еті (жаңа немесе салқындатылған) өндірісі 6,9%-ға өсті. Шұжық өнімдері 6%-ға, өсімдік майы 12,3%-ға, өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністер 13,4%-ға ұлғайды.
Өңделген сүт 1,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері 3,5%-ға, ұн 11,9%-ға, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 5,2%-ға, макарон өнімдері 8,1%-ға өсті.

https://inbusiness.kz/kz/last/elde-azyk-tulik-ondirisi-11-9-ga-artyp-665-mlrd-tengeden-asty