Мәскеуде жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Мәдени іс-шараның көрші ел астанасында өту себебі – соғыс жылдарында «Ленинградтық өренім» атты өлеңімен жауынгерлерге қайрат берген ақынның есімі ресейліктерге жақсы таныс.
Қазіргі уақытта Санкт-Петербургте жыр дүлділінің ескерткіші бар. Сонымен қатар Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген. Бүгінде оның өлеңдері 40-тан астам шет ел тіліне аударылған.
Бұл Жамбылдың әлемдік деңгейдегі ақын екенін айғақтайды дейді конференцияға қатысушылар. Жамбыл мұрасын дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысушылар оның ән-жырларын, айтыстарын және қайраткерлігін әңгімеге арқау етті.
https://qazaqstan.tv/news/225913