Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Петропавл гидроторабында су деңгейі көтеріліп келеді

Су тасқыны жайлы соңғы мәліметпен бөліссек. “Қазгидромет” өкілдерінің хабарлауынша, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 871 сантиметрді құрап отыр. Бұл өткен тәулікпен салыстырғанда 3 сантиметрге төмен. Ернеуден асқан тіршілік көзінің биіктігі – 81 см. Ал Петропавл гидроторабындағы су деңгейі керісінше көтеріліп келеді.

“Соңғы тәулік ішінде Петропавл гидроторабындағы су деңгейі 7 сантиметрге артқан. Шаһар арқылы тасқынның алғашқы толқыны толығымен өтпеді. Осы аптада Петропавл маңында максималды көрсеткіш тіркеледі. Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское маңында тіршілік көзінің деңгейі 8 см-ге көтерілді. Бұл облыстағы ең үлкен өсім болып табылады”, – деп хабарлады “Қазгидромет” РМК СҚОФ.

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман болуы ықтимал. Синоптиктердің мәліметінше, екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы +2-7 градусқа жетсе, түнде -8 градусқа дейін төмендейді.Екінші онкүндік желді болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жауын-шашын көптеу болып көрінуі мүмкін. Бірақ, нормадан аспайды. Үшінші онкүндікте күн күрт жылиды. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін барады, – деп хабарлады “Қазгидромет” РМК СҚОФ.

 

Нұрасыл Ахмет