Облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығында цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту курстары жүйелі түрде өткізіліп жатыр. Ақпаннан бері оған 19 тұрғын қатысып, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта еркін пайдалану дағдыларын меңгерген. Нақтылай түссек, қатысушылар сабақ барысында электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және түрлі анықтамаларды электронды түрде алу тәрізді қызметтерді іс жүзінде үйренген.
АРМАН КЕНЖЕҒАЛИЕВ, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы:
— Бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы да, түрлі цифрлық сервистер арқылы онлайн форматта да алуға болады. Бұл мүмкіндіктер азаматтар үшін шынымен қолайлы болуы үшін цифрлық дағдыларды дамыту және пайдаланушыларды оқыту маңызды. Бұл өз кезегінде әр азаматқа қажетті қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта бұл бастама жалғасын тауып, оқытуға қатысатын тұрғындар саны арта түспек. Жоба азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған.