Шығыстың орта ғасырлардағы рухани әрі зияткерлік орталықтарының бірі – Бұхарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми деп айдар таққан форматта кездесті.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алып, екеуі әуелі Бахауддин Нақшбанди кесенесіне барып, құран оқып, екі халыққа бейбіт өмір мен береке тіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Келіссөздерден соң президенттер екі ел үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жол картасын қабылдауға уағдаласқан.
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше нысанды көрсеткен. Ал соңында архив материалдарын табыстады.
https://qazaqstan.tv/news/225902