Спорт

СҚО велошабандоздары Түркістанда топ жарды

Кеше Түркістан қаласында Ұлттық және Қазақстан Республикасының қысқы велоспорт чемпионаты өтті. Дүбірлі додада өңір спортшылары өз шеберліктерін танытып, жүлделі орындар еншіледі. 25 шақырымдық жеке жарыста Елизавета Склярова алтын медальға ие болса, дәл сондай қашықтықта ерлер арасындағы жеке жарыста Михаил Подлужный күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ, 40 шақырымдық командалық эстафетада СҚО құрамасы бірліктің күшімен топ жарып, чемпион атанды. Бұл жеңістер – жерлестеріміздің қажырлы еңбегі мен табандылығының жарқын көрінісі.