Мәдениет

Петропавлда Наурыз мерекесі ерекше форматта аталып өтті

Петропавлдағы “Қызылжар” креатив орталығында Ұлыстың ұлы күні ерекше форматта тойланды. Ұйымдастырушылар мейрамға тыңғылықты дайындалған. Шараның ерекше есте қалған сәті – көрсетілім. Жұртшылық алдына бірінен соң арулар мен жігіттер елге танымал сән дүкендерінің шапандары мен көйлектерін паш етті. “SKO Hub” орталығының қызметкерлері кішкентай ұл-қыздарға арнап виртуалды ойындар ойлап тапқан. Балақайлар 3D көзілдірік киіп, өздерін құдды бір ертегілер әлемінде жүргендей сезінді.

АЙДЫН ИСАТАЕВ, “SKO Hub” орталығының қызметкері:

— Біз балаларға арнап 3 ойын ойлап таптық. Көңілдерінен шыққаны көрініп тұр. Ұл-қыздар ағылып келіп жатыр.

Креатив орталықтың мына бір бөлмесінде қазақи бұйымдар көрмесі қанат жайды. Қол еңбегінен пайда болған дүниелер көздің жауын алады. Таланттардың жұмыстары бір-бірінен асып түседі.

ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛИНА, “SKO Hub” орталығының менеджері:

— Шараға бір ай көлемінде дайындалдық. Тұрғындардың көңілінен шығып жатыр деп ойлаймын. Біз мерекені тойлау арқылы цифрлық технологияларға қызығатын жастардың санын арттырғымыз келеді. Алдағы уақытта Бірлік күніне орай түрлі шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Шараға қас қарайғанша дейін жалғасын табады. Келем деуші жандарға креатив орталықтың есігі айқара ашық.