Мәдениет

М.Жұмабаев ауданында Наурыз мейрамы тойланды

Наурыз мейрамы – көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Осы күні күн мен түн теңесіп, Жаңа жылдың келуін білдіреді. Көктемнің керемет мерекесін М.Жұмабаев ауданының тұрғындары да атап өтті. Булаево қаласының орталық алаңында ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылып, қазақ күресінен ауданның үздік балуандары белдесті. Қатысушылар қой көтеру мен жілік сындыру бойынша күш сынасты, ал арнайы алаңда садақ ату сайыстары өтті. Биылғы мерекенің ерекшелігі – digital форматтағы киіз үйлер. Онда келушілер VR-технология арқылы қазақ халқының тарихымен танысып, QR-кодтар арқылы қосымша ақпарат алды. Сонымен қатар, тұрғындар үшін концерттік бағдарлама және жәрмеңке ұйымдастырылды.