Аптадағы маңызды жаңалықтарСҚО әкімдігі

Референдум қарсаңында өңірде 365 мың дауыс беруші тіркелген

Мемлекетіміз үшін аса маңызды саяси науқанның басталуына 12 күн қалды. Осы орайда аумақтық комиссия төрағасының орынбасары Евгений Мамыкин облыс тұрғындарына үндеу жасап, учаскелік комиссиялардың дайындығы жайлы ақпарат берді. Оның сөзінше, өңірде 365 мың дауыс беруші бар, 22 ақпан күні олардың тізімі учаскелік комиссияларға тапсырылған. Дауыс беру орындарындары керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, сұхбат кезінде Евгений Мамыкин дауыс беру кезіндегі тұрғындардың ескеруі тиіс ережелер жайлы хабарлады.

ЕВГЕНИЙ МАМЫКИН, СҚО референдум бойынша аумақтық комиссия төрағасының орынбасары

— 15-ші наурыз күні дауыс беруші өзі тіркелген жерден тыс жерге жол жүретін болса, сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Комиссия ол адамға есептен шығару куәлігін береді. Бұл құжатты дауыс беру күні сіз баратын жердегі учаскеде көрсетуіңіз қажет. Учаскелік комиссия сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. Сөйтіп өз таңдауыңызды жасай аласыз. Егер толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, тұрғылықты елді мекендегі әкімдігіңіздің call-орталығына хабарласа аласыз.