Спорт

Петропавлдық баскетболшы қыздар республикалық жарыста жүлде еншіледі

Петропавлдық баскетболшы қыздар ел чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Биыл тартысты жарыс Щучинск қаласында өтті. Бұл – айтулы оқиға. Себебі, бұған дейін өңірімізге арулар командасы медальмен қайтпапты. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұрымдылар арасында спорттың аталған түрі айтарлықтай дамымаған. Дегенмен, ынтасы жоғары жастар бар. Қыздарды ата-аналары және достары теміржол вокзалынан қарсы алды. Оларға гүлшоқтары табысталып, жүрекжарды тілектер айтылды.

ПАВЕЛ АНТОНЕНКО, СҚО бойынша баскетболдан аға жаттықтырушы:

— Қыздар өте жақсы өнер көрсетті. Біз жаздан бері қызу дайындық жүргіздік. Спортшылардың жасы – 17 мен 18-дің аралығында. Команда саны 5-еу болды: Астана, Павлодар, Шымкент, Түркістан және біз. Спортшылар арасында “Үздік ойыншы” атанғандары да бар. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тырысамыз. Өңірде баскетболмен әуестенетін қыздар өте аз. Біз бұл спорт түріне тиісті деңгейде көңіл бөлінгенін қалаймыз.