Құқық қорғау органдары

Петропавлда пәтер тонап жүрген 55 жастағы ер адам ұсталды

55 жасқа келіп, пәтер тонауды әдетке айналдырға петропавлдық ұсталды. Ол бір айдың ішінде 2 бірдей үйді тонап үлгерген. Ішке терезені бұзып кірген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, баспананы емін-еркін тінткен кәнігі ұры әсіресе алтын бұйымдарды қолды қылған. Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнекамера арқылы анықтады. Ұсталған ер адам бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасаған үшін сотталған. Қазір қамауда отыр, ұрланған заттың бір бөлігі тәркіленді. Полицейлер күдіктінің басқа да құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеріп жатыр.