3 күннен кейін Италияда қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Дүбірлі дода 16-шы наурызға дейін жалғасады. 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әлем жұрты көз тіккен бәсекеде ел намысын 7 спортшы қорғайды. Соны 4-еуі – солтүстікқазақстандық толағайлар. Олар: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Сергей Усольцев. Барлығы парашаңғы және парабиатлоннан сынға түседі. Сарапшылар алғаш аталған екі жерлесімізден зор үміт күтіп отыр. Себебі, жерлестеріміз бұған дейін өткен әлем чемпионаттары мен Паралимпиада ойындарында атой салған.