СҚО әкімдігі

М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде жаңа Ата заң жобасы талқыланды

Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде жаңа Конституция жобасы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған арнайы қоғамдық даму және ақпарат орталығының өкілі келді. Маман жиын барысында Ата заңдағы цифрлық даму, зайырлы қоғам бағыттары жайлы баяндап, ұстаздар қауымын өзге тақырыптар бойынша да құлағдар етті.

ӘБІЛҚАЙЫР ҚАЙДАР, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

— Бұл – біз келіп отырған бірінші мекеме емес. Осыған дейін түрлі ұйымдар мен мекемелерде болып қайттым. Мысалы, кеше ғана ветеринариялық клиникада болдым. Аталмыш жұмыстар наурыздың 14-іне дейін жалғасады. Кездесу барысында мен тыңдаушылардың сұрақтарына да жауап беремін.

ЖОМАРТ АЙТБАЙ, педагог:

— Бұл жиналыста өте үлкен мәселелер қарастырылды. Мысал ретінде парламенттің екі палатадан бір палатаға ауысқаны жайлы толық ақпарат алдым.