15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдумның учаскелік комиссиялары таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Саяси науқан қарсаңында қалалық әкімдікте Call-center жұмысын бастады. Ол шаһар тұрғындарына дауыс беру учаскелерінің орналасуы және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі бойынша көмек ұсынады. Орталыққа азаматтар (87152) 32-02-03 немесе 32-02-04 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ, Референдум күні қосымша 5 учаскеде онлайн-сервистер ұйымдастырылады, онда ХҚКО қызметкерлері тұрақты тіркелімі жоқ азаматтарды тіркейтін болады.
– Горький көшесі, 52А, Қожаберген жырау атындағы №6 ОМ орналасқан №667 РУ,
– Медведев көшесі, 3, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі №600 РУ,
– Пугачев көшесі, 129, №31 ОМ №605 РУ,
– Залманов көшесі, 46/1, Әлихан Бөкейхан атындағы №25 ОМ №611 РУ,
– Н.Назарбаев көшесі, 272, №23 ОР №637 РУ