Kurultai banner mobile

Қоғам

Сірке суын ішкен қыздың жағдайы әлі де ауыр

Сірке суын ішіп қойған қыздың жағдайы әлі де ауыр. Еске сала кетейік, өткен аптада Айыртау ауданындағы мектептердің бірінде 16 жастағы қыз сірке суын ішіп қойған еді. Науқас аудандық ауруханаға жатқызылған болатын. Кейін одан санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, науқастың жағдайы әлі күнге дейін ауыр күйде.