Kurultai banner mobile

Спорт

Өңір палуандары ұлттық құраманы алға сүйреді

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен 2026 жылдың алғашқы рейтингтік жарысы аяқталды. Кеше классиктер сынға түсті. Ұлттық құрама сапында 97 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ислам Евлоев күміс жүлдені қанжығаға байлады. Ал 60 кг ел намысын қорғаған Аманғали Бекболатов қолаға қол созды. Осылайша теріскейлік жігіттер Қазақстан командасының жалпы есепте 3-ші орынға табан тіреуіне үлес қосты. Көш басында – Иран мен Өзбекстан құрамасы.