Kurultai banner mobile

Спорт

Ербол Хамитов облыс әкімінің құттықтауын қабылдады

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды. Дүбірлі дода Германияның Финстерау қаласында өтті. 900 метр қашықтықты 2 минут 49 секундта бағындырған жерлесіміз тек бразилиялыққа есе жіберді. Ал үздік үұштікті қытайлық спортшы түйіндеді. Жаһандық бәсекелерде атой салып жүрген теріскейлікті жеңісімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Жерлесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нәтижелер Ерболға Қысқы Паралимпиада ойындарында атой салуына септеседі деп сенемін. Алда оны Польшада өтетін Әлем Кубогының екі кезеңі күтіп тұр. Сәттілік тілеймін! СҚО сенімен бірге!