Kurultai banner mobile

Қоғам

Өңір басшысы Тайынша ауданындағы оңалту орталығының құрылысымен танысты

Облыс орталығына қайтар жолда аймақ басшысы Тайынша ауданындағы Чкалов ауылына ат басын бұрды. Өңір жетекшісі елдімекенде салынып жатқан “Қамқорлық” оңалту орталығының құрылысымен танысты. Аталған нысан тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ жүйелі оңалтуды қажет ететін балалар үшін тұрғызылуда. Болашақта бұл мекемеде Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарынан 600 ұл-қыз қажетті жәрдем ала алады. Орталық заманауи жабдықтармен және қажетті жиһазбен қамтамасыз етілетін болады.