— Довести до вас информацию касательно иностранных граждан. Вы, как руководители этнокультурных объединений, чтобы вы в свою очередь доводили это уже до своих соотечественников.
Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ермек Нұсұрбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Жиында өзге ел азаматтарының тиісті заңды сақтауы мәселесі қаралды. Есептеулерге сүйенсек, өңірде 11 мыңнан астам шетелдік тұрады. Араларында тәртіпсіздікке жол беретіндер де бар. Мысалы, биыл олар 28 қылмыс жасаған, ал 50 жағдайда зардап шеккен. Өзіміз жақсы білетіндей, ала жіпті аттағандар жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.
ЕРМЕК НҰСҰРБАЕВ, СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы:
— Сот біздің өтінішті қолдап, шетелдік азаматты елден шығаруға шешім қабылдаса, тұлға белгіленген мерзімде Қазақстан аумағынан кетуі тиіс. Жалпы мерзім 25 күнді құрайды. Оның 10 күні шағымдануға, ал 15 күн республика аумағынан шығуға беріледі. Мұндай жазаға тартылған жан 5 жыл бойы Қазақстанға қайта кіре алмайды. Еліміздің заңдарын сақтау, өзгелердің құқықтары мен ар-намысына құрмет көрсету – әр азаматтың міндеті.
Өз кезегінде Ассамблея мүшелері шетелдіктердің елде болу мерзімін, құжат рәсімдеу тәртібін және тіркеуге қатысты жайттарды нақтылады. Барлық сауалға толық жауап берілді.
Мәдина Қаби