Прокурорлардың араласуымен облыстың бірнеше ауданында ветеринариялық тәртіп талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар анықталды. Мысалы, Уәлиханов ауданында жануарларды вакцинациялау көрсеткіштері бақандай 10 мың басқа артық жазылған. Қаратерек ауылында мал қорымы тиісті деңгейде күтілмеген. Ал Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын және Мамлют аудандарында ветеринариялық қызметтер балық өнімдерін шығу тегін растайтын құжаттарсыз тасымалдауға рұқсат берген. Сонымен қатар, Қызылжар ауданында 30-дан астам ветеринариялық анықтама зерханалық зерттеулерсіз берілген. Нәтижесінде 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтар жойылды.