Мағжан Жұмабаев ауданында бухгалтер 5 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген. Жастар ресурстық орталығында қызмет еткен айыпталушы өзінің жеке шотына 17 млн теңге аударғаны анықталды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Аудандық сот бухгалтерді кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру және бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны өтеу мерзімі сотталушының баласының жас болуына байланысты 2028 жылдың 27-ші қыркүйегінде басталмақ. Мемлекетке келтірілген шығын ішінара өтелді.