Қоғам

Көктерек – ішімдіктен бас тартқан ауыл

Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл саны артты. Қасиетті Шал ақын ауданындағы Көктерек елді мекенінде енді ащу су ішілмейді. Мұндағы халық жалпы республикалық бастамаға қолдау танытты.

НҰРБЕК НӘБИЕВ, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары:

— Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңға құрметпен қарау – әрбір азаматтың заңды сақтау мен жауапкершілігінің айғағы. Ішімдік – адам денсаулығына, отбасылық құндылықтарға және қоғамның дамуына орасан зиян тигізетін фактор. Сол себепті, біздің ауданымызда “Ішімдіксіз ауыл” қозғалысы кеңінен қолдау тауып отыр.

Бірлігі жарасқан Көктеректе 50-ге жуық адам тұрады. Ішімдіктен бас тарту мәселесі көтерілгенде халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ шешімге келген.

РАЙЫМБЕК ҚАПАНОВ, Көктерек ауылының әкімі, Шал ақын ауданы:

— Осы көпшіліктің ұсынысымен ауыл ішімдіктен бас тартып отыр. Басқа ауыл тұрғындарына айтарымыз, ішімдіктен бас тартса, таза ұрпақ қалыптасады пен тәртіп бұзушылықтар азаяр еді деп ойлаймын.

Ішімдік – қоғамның залалы. Адамдардың ойын улайды, қылмысқа бастайды, жастардың болашағына балта шабады. Көктеректегі ағайын түзу жолды таңдады.

 

Жангельды Жамалиев