Өрт қауіпсіздігіне деген немқұрайлықтың салдары соқпақты. От жанып тұрған плитада қалған тамақтан немесе сөнбей қалған пештен басталуы мүмкін. Бала үйде жалғыз қалатын болса, бұл мәселеге тіпті жіті қарау керек. Мамандар жасөспірімдерге “отпен ойнама”, “сіріңке ұстама” деп құлағына құйып отыру қажет дейді. Құтқарушылар бескөлдік оқушылардың басын қосып, қауіпсіздік ережелерін көрсетті.
АЙНАГҮЛ ЖУМИНА, №3 Бескөл орта мектебі директорының орынбасары:
— Мектептің ішінде сынып сағаттары да жүргізіледі. Осының барлығын сонда айтып отырамыз. Сабақты АӘД пәнінің мұғалімі түсіндіреді.