Білім

Бірінші гимназияға – 60 жыл

Бірінші гимназияда – екі бірдей дүбірлі той. Іргелі білім ұясының ашылғанына – 60 жыл, ал “бірінші” атауын алғанына 35 жыл толыпты. Мерейтойлық шараға ұстаздар, оқушылар, түлектер мен сала ардагерлері жиналды. Сәуле Бекмурзина – сала ардагері. Оның зейнетке шықанына 15 жылдан асыпты. Бірінші гимназияда 10 жылдан астам еңбек еткен.

СӘУЛЕ БЕКМУРЗИНА, сала ардагері:

— Осы мектепте 10 жылдай жұмыс істедім. Балаларды, әріпстестерімді көріп қуанып отырмын. Мұғалім – өте қызықты сала. Жауапкершілігі де жоғары.

Осы уақыт аралығында ыстық ұядан біршама түлек түлеп ұшып, өз саласының білікті маманы болып қызмет етіп жүр. Соның бірі –- бірінші гимназияның директоры Татьяна Анцибор. Мектепке деген сағыныш ұстаздық жолды жалғастыруына себепші болған.

ТАТЬЯНА АНЦИБОР, Бірінші гимназияның директоры:

— 35-ші мектеп болған кезінде физика және математика бағытына ерекше назар аударылды. Бізден қаншама білікті маман түлеп ұшты. Өзім де осы білім ұясында тәлім алдым. Екі балам осында оқиды. Бірінші гимназияда бір бағытты ғана ұстанбайды, оқушының қабілетіне қарай мамандық таңдап, өмір жолын анықтауға көмектеседі.

Қазіргі таңда мектепте мыңға жуық бала оқиды. 80-ге тарта педагог еңбек етеді.

 

Мәдина Қаби