Облыс орталығында отбасылық зорлық-зомбылық былтырғыға қарағанда сәл азайса да баршылық. Биыл полицейлер аталған жайтқа қатысты 21 қылмыстық істі аяқтапты. Бір жағдайда кісі өлімі тіркелген, қалғанында денсаулыққа зиян келген.
Зәбір көрген жандардың 17-сі – әйел адам, біреуі – бала. Статистика көрсеткендей қылмысқа әкелген бірден бір себеп – мастық. Тәртіп сақшылары бұзақыларды тәртіпке шақыру мақсатында профилактикалық және әкімшілік-құқықтық шаралар жүргізеді. Биыл отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 869 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылған.
Қайырбек БАЙМОНКЕНОВ, қалалық ПБ бастығының орынбасары:
— Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қылмыстың саны 8%-ға төмендеген. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жайт. Қазіргі күні учаскелік полицейлерді тұрғындардың чаттарына қосып жатырмыз. Енді инспекторлар тұрғындармен тікелей байланыста бола алады. Осылайша отбасылық жанжалдар болып жатса дереу шара қолданылады.