Спорт

9 қыркүйек – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні

Осыған орай қалалық №29 орта мектепте ашық аспан астында ұлттық ойыннан жарыс ұйымдастырылды. Темірлан Иыпов – тоғызқұмалақ десе ішер асын жерге қоюға әзір жастардың бірі. “Әке көрген оқ жонар” демекші, әкесін үлгі тұтқан ұлдың тоғызқұмалаққа ден қойғанына 4 жыл болған.

ТЕМІРЛАН ИПОВ, қалалық №29 орта мектептің оқушысы:

Менің отбасымда тоғызқұмалақты әкем ойнайды. Спорттың бұл түріне мені сол кісі алып келді. Сол кезден бастап тоғызқұмалақ ойнап жүрмін. 0;54-0:56 Маған бұл ойын қатты ұнайды.

Логикалық спорт адамның ойлау қабілетін дамытады. 29-шы мектепте оқушылар спортқа құмар. Соның ішінде ұлттық ойындарға деген назар ерекше.

НҰРДӘУЛЕТ ЖАКИЛОВ, қалалық №29 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Спорттың бұл түрін қазір кішкентай 1-ші және 4-сынып оқушыларына да қосып, оларға үйретіп жатырмыз. 0:35-0:54 Қазір осы алаңдағы балалар тоғызқұмалақтан өтетін түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып, мектептің атын шығарып жүр.

Жас тоғызқұмалақшылар қазір облыстық додаға дайындалып жатыр. Жарыс осы айдың соңында өтеді. Жеңгендері мектеп намысын республикалық кезеңде қорғайды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы