Kurultai banner mobile

Қоғам

Аманаттықтар 33 балаға қуаныш сыйлады

Солтүстікқазақстандық аманаттықтар 33 балаға қуаныш сыйлады. Бастауыш ұйымның депутаттары мен белсенділері әлеуметтік осал топтардағы отбасыларға қолдау көрсетті. Жаңа оқу жылы қарсаңында оларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар жиынтығы, киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алуға арналған сертификаттар табысталды. «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылатын «Баланы мектепке дайындайық» акциясы 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді. Игі бастаманың мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетімдер мен әлеуметтік мекемелер тәрбиеленушілеріне кезекті оқу жылына дайындалуға көмектесу.