Kurultai banner mobile

ҚоғамТЖ

Саңырауқұлақ теруге шыққан әйел орманда адасып қалған

Күйеуімен бірге саңырауқұлақ теруге шыққан әйел Қызылжар ауданына қарасты Шаховское ауылының маңындағы орманда адасып кеткен. 1952 жылы туған нәзікжандыны жолдасы ұзақ уақыт таба алмапты. Көмекке құтқарушылар шақыртылған. Мамандар көрсетілген бағыт бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Аумақты толық бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылады, кинологиялық жасақ та жұмылдырылады. Нәтижесінде арнайы топ жоғалған адамды Шаховское ауылынан 6 шақырым жерде тапқан. Оған медициналық көмек қажет болмапты.