Сенбі күні өңірімізде кезекті тазалық шарасы өтті. Жүздеген адам – қоғам қайраткерлері, жастар, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың қызметкерлері, тұрғындар облыс орталығының көшелеріне шығып, аумақты тәртіпке келтірді. Аулалар, саябақтар мен жол жиектері қоқыстан, қураған жапырақтан тазартылды.
Тұрақты экологиялық акциялар, оның ішінде сенбіліктер қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл қаламызды тазартып қана қоймай, халық арасындағы ауызбіршілікті нығайтады.
ЕЛЕНА ЖУМАГУЛОВА, қала тұрғыны:
– Таза қала – біріншіден, көзге тартымды, жанға жағымды. Екіншіден, экология үшін пайдалы. Тұрғындар қоқысты шашпаса, мұншалықты көп көлемде қоқыс жинамас едік. Сол себепті, әр адам ойында да, бойында да экологиялық мәдениет қалыптастыруы керек деп санаймын.
Үш айлық абаттандыру шарасы облыс әкімінің тапсырмасымен наурыз айының соңында бастау алған болатын. Бұл – сонымен он біріншісі. Бүгінге дейін қаладан 5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Севара Зияхан