Қоғам

ҰОС ардагерінің шетелде тұратын ұрпағы полиция музейінде болды

ҰОС және ІІО ардагері Джура Кобелевтің ұрпағы облыстық полиция департаментінің музейіне бас сұқты. Майдангердің ТМД елдерінде балалары, немерелері мен шөберелері тұрады. Барлығы – 12 адам өңірге аталарының рухына тағзым ету үшін келген. Облыстың ішкі істер органдарында 700-ден астам соғыс ардагері қызмет еткен екен. Солардың бірі – Джура Кобелев 102 жыл өмір сүрген. Ведомстволық музейде қарт майдангердің ұрыс даласында және соғыстан кейін алған марапаттары сақтаулы тұр. Олардың бәрін музейге тұңғыш қызы табыс еткен. Джура Кобелев – Өзбекстанның тумасы, соғысқа 41-ші жылы аттанған, Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан.

 

Данаш Хамза