Бір қарасаң, қимылдар қарапайым жаттығу немесе би сияқты болып көрінеді. Бірақ, бұл тәсіл арқылы мектеп оқушысының сабаққа деген ынтасын оятуға болады екен. Атауы – нейро жаттығу. Қазір осы сынды замауи әдіс-тәсілдермен педагог-шебер Бақыт Алдабергенова нысаналы мектептің жас мұғалімдерімен бөлісуде
Әдіс-тәсілдердің барлығы “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында көрсетіліп жатыр.
БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА, “Парасат” мектеп-лицейі директорының орынбасары:
– 2024 жылы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жаңартылған бағдарламасы шыққан еді. Оның ішінде қаншама құндылықтар, құзыреттіліктер, жобалардың сан түрі бар.
Семинар-тренинге 20-дан астам мұғалім қатысып жатыр. Мақсат – білімді шыңдау. Айғаным Мұратова қалалық 42-ші мектепте бастауыш сыныпқа қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ береді. 5 жылдан астам еңбек өтілі бар жас маман бүгінгі шараның берері көп дейді.
АЙҒАНЫМ МҰРАТОВА, қалалық №42 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:
– Мәтінмен жұмыс барысында қолданылатын жаңадан платформамен таныстым. Соның бірі – Stopwatch. Ол үй жұмысын сұрағанда және сұрақ-жауап барысында қолданғанда өте ыңғайлы екен.
Бүгін 20-дан астам нысаналы мектептің мұғалімдері қамтылса, келесі жолы тағы бір топ үшін семинар-тренинг ұйымдастырылмақ.
Мәдина Қаби