Білім

Студенттер ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуді арнайы құрылғымен үйренеді

Бұл – Покровка ауылындағы Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіндегі тәжірибе толықтыру кабинеті. Мұнда “Механизатор” мамандығына оқитын студенттер John Deere маркалы трактордың компьютерге қосылған жүйесі арқылы ауыр көлікті жүргізуді үйрене алады. Қазір осы пән бойынша сабақ беретін оқытушы Юрий Гильгенберг балаларға және студенттерге шеберлік сыныбын өткізуде. Сергей Давыдов колледждің 4-ші курсында оқиды. Болашақ механизатор мұндай жүйе ауыр көлікті жүргізу машығын қалыптастырып, оны жетілдіруге ықпал етеді дейді.

СЕРГЕЙ ДАВЫДОВ, Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенті, Есіл ауданы:

– Барлық нұсқама экранда жазылып тұрады. Кезекті қадамды оқытушы да көрсетіп отырады. Мұнда кәдімгі трактордағыдай етіп жасалған. Соншалықты қиын деп айта алмаймын. Бәрін тез үйреніп алдым.

 

Мәдина Қаби