Kurultai banner mobile

ТЖ

Сергеев қоймасының ернеуінен асқан судың деңгейі 35 см жетті

Көрсеткіш күн сайын емес, сағат сайын өзгеріп жатыр! “Қазгидромет” өкілдерінің хабарлауынша, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 244 см-ге жетті, бұл өткен тәулікпен салыстырғанда 13 см жоғары. Ал ернеуден асқан тіршілік көзінің биіктігі 35 см құрайды. Бұдан өзге де ақпар ұсынамыз. Тоқсан би ауылының жанындағы Есіл өзеніндегі деңгей – 168 см, Петропавлда 100 см құрайды. Бұл ретте Шат өзенінде су деңгейінің 50 см-ге, Қамысты өзенінде 26 см-ге және Шағалалы өзенінде 11 см төмендегені байқалады.