Қоғам

ҰОС ардагері Валенитина Волкодав 103 жасқа толды

Валентина Волкодав небәрі 19 жасында майданға аттанып, Беларусь және Украин майданында көпір салу жасағында қызмет етіп, өткелдерді қамтамасыз еткен. Бүгін аты аңызға айналған кейуана 103 жасқа толды. ҰОС-ның ардагерін айтулы күнмен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап келді.

– Валентина Архиповна, можно? Поздравляем Вас. Ой, спасибо большое. Здоровья крепкого вам. Благополучия всех благ.

Жасы бір ғасырдан асқан туған күн иесін облыс әкімі құттықтап, бейбіт өмір үшін алғысын білдірді. Ерлігі мен даналығы өскелең ұрпақ үшін үлгі дейді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрметті Валентина Архиповна, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – барлық қала, облыс, республика тұрғындарын шабыттандыратын және зор құрметке бөлейтін айтулы күн. 103 жыл – еңбекке, даналыққа және төзімділікке толы үлкен өмір жолы. Оның ішінде көптеген жетістіктер мен жеңістер де бар. Сіздің жүріп өткен өміріңіз – бәрімізге үлгі.

Соғыстан кейін Валентина Архиповна Целиноградтағы керамика зауытында есепші болып жұмыс істеген. Петропавлда тұрып жатқанына 30 жылдан асты. Зейнеткер осындай айтулы күні құрметке бөленгеніне риза.

ВАЛЕНТИНА ВОЛКОДАВ, ҰОС ардагері:

– Маған ұзақ жылдар тілеп жатыр. Менің жасым онсыз да біразға жетті. Құттықтап жатқан барлық азаматқа алғысым шексіз. Мен барлығына ұзақ өмір тілеймін. Өмірден ләззат алып, тек жақсылық болсын деп айтамын.

Ардагер 2 қыздан 4 жиен және 3 жиеншар көрген. Алена Недвига – әжейдің шөбересі. 29 жастағы нәзікжанды Петербург қаласынан қонаққа келіп тұрады. Сөзінше, әжесі әрдайым өмірдің әр сәтін бағалауға, қуанып, жадырап жүруге үйретеді.

АЛЕНА НЕДВИГА, ардагердің жиеншары:

– Мен одан күлімсіреуді, әр сәттен ләззат алуды, мерекелерді бағалауды, адамдардың қалай қуанатынын үйренемін, өйткені, бұл әдемі көрініс, оның күлімсірегенін көру маған күш береді. Ол уәде еткен 105 жасқа дейін өмір сүреді деп үміттенемін.

Туған күн иесін құттықтап келгендер қатары көп болды. Оның ішінде қалалық ардагерлер кеңесінің және ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілдері мен жақындары бар. Ұлттық ұлан академиясының әскери оркестрі қарияға мерекелік көңіл-күй сыйлап, үйдің ауласында соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.

Еске салайық, Валентина Архиповна «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін» медальдары мен ІІ дәрежелі «ҰОС» орденінің иегері. Айта кетейік, СҚО-да ҰОС-ның небәрі 3 ардагері қалды.

“Первый Северный” телеарнасы