МТРА жаңалықтары

Көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді

Қазіргі таңда Соколовка ауылының маңындағы Есіл өзенінің арнасында айналма канал салынып жатыр. Ондағы негізгі мақсат – су басу қаупін азайту.

– По селу Соколовка полностью работы мы провели. Обвалование 2 700 м. Два участка мы сделали. Здесь есть переезд дороги, мы его подняли на 2 м. Эти поселки у нас готовы к весеннему паводку.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы тасқында Қызылжар ауданына айтарлықтай залал келді. Большая Малышка ауылында 300-ден астам үй су астында қалды. Биыл қорғаныс үйіндісінің ұзындығы 4 мың метрге жуықтайды. Аймақ басшысы келесі кезекте облыс орталығындағы Заречный кентінде болды. Қазіргі таңда мұнда да айналма канал салынып жатыр.

– Глубина у нас варьируется от 0,5 до 5 м.
– По всему каналу отметки дали полностью?

Кейін Ғауез Торсанұлы бөгеттердің дайындық деңгейін тексерді. Былғары зауыты кентіндегі бөгеттің ұзындығы 4,2 шақырымды құрайды. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қала әкімінің орынбасары баяндап берді.

– Работают четыре подрядные организации. Сейчас занимаются монтажом железобетонных плит и подготовкой для монолитных участков.

Сондай-ақ, бүгінде Ойқала шағын ауданы Ущев көшесінде орналасқан бөгет қайта қалпына келтіріліп жатыр. Биіктігі 4,5 метрден 7 метрге, ені 3 метрден 6 метрге, ал ұзындығы 300 метрге дейін ұзартылған. Енді монолитті бетон құюға дайындық басталды. Өңір басшысы барлық нысандағы жұмыстарды жедел түрде аяқтауды тапсырды.