Kurultai banner mobile

Спорт

Петропавлда ауыл әкімдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды

Ауыл әкімдері сайысқа түсті. Үстел теннисінен өткен жарысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен 20-ға тарта адам қатысты. Игі бастаманы «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен үстел теннисінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, бұл шараның бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Бірінші орынды Сергеевканың әкімі Ерұлан Ғабдуллин жеңіп алды. Екінші орынды Чистовское ауылының жетекшісі иеленсе, үздік үштікті келлеровкалық әкім тұйықтады.

 

Мәдина Қаби