Қоғам

Беларустық аяқ киімдер жәрмеңкесі қарашаның 17-сіне дейін жалғасады

Нина Червякова – зейнеткер. Ол әрқашан беларустық аяқ киім алуға тырысады. Себебі, олардың өнімдері әрқашан сапалы дейді. Аяқ киімнің сапалы болуы денсаулыққа оң ықпал етеді. Бүгін өзіне қысқы аяқ киім қарамақшы.

НИНА ЧЕРВЯКОВА, қала тұрғыны:

– Сіздердің телеарналарыңыздан беларустық жәрмеңке өтіп жатқанын естіп, бірден осы жерге келдім. Мен үшін аяқ кимнің сапалы болуы өте маңызды. Мен тіпті жәрмеңкенің жылда өтетінін білген жоқпын. Бірінші рет келіп отырмын.

Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 43-ке дейін болса, ерлер үшін 40-тан 49-ға дейін. Бағалары да қалта көтерерлік. Сатушылардың айтуынша, тауар сапасына алаңдаудың еш қажеті жоқ. Әрбіреуі таза былғарыдан жасалып, ортопедиялық негізде тігілген.

АЛЕНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Аяқ киімдер өте жеңіл, ыңғайлы, табаны жұмсақ әрі тайғанақ емес. Су өткізбейді. Іші қой терісімен қапталған. Өнімдеріміз көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

Жәрмеңке Жамбыл Жабаев көшесі, 82А мекен-жайында қанат жайған. Нысан есігі кешкі 7-ге дейін ашық. Жәрмеңкенің өзі қарашаның 17-сіне дейін жалғасады.

 

Мәдина Қаби