Экология

Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері ағаш отырғызды

Бүгін – Кәсіподақтар күні. Осыған орай ұйым мүшелері Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясына ағаш екті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

Аллеяға барлығы – 12 түп сібір шыршасы егілді. Жүсіп Жұмағұлов бүгінгі игі шараның маңыздылығына тоқталды.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, облыс әкімінің орынбасары:

– Біз жылдағы дәстүрімізді жалғастырудамыз. Алдағы уақытта
егілетін ағаш қатарын түрлендіру керек. Бұл аллея өзінің көрітілігімен көз тартады. Адамдар осы жерге келіп тынығады, таза ауамен демалады.

Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясына алғаш рет ағаш 5 жыл бұрын егілген. Қазір бұл шыршалардың биіктігі адам бойымен бірдей.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, «СҚО» кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

– Ең басында саябақты бастағанда, кәсіподақтың ардагерлері бастады. Сондықтан да бұл аллея кәсіподақтар аллеясы деп аталады. Кәсіподақ ұйымы – еліміздегі ең үлкен ұйымдардың бірі. Оның құрамында 2 млн-нан астам адам бар. Біздің облыста оған 65 мың адам мүшелік етеді.

Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері дәстүр бойынша көктем мен күзде ағаш егеді. Бүгін мұндағы жасыл желектің саны жүзден асады.

 

Мәдина Қаби