Жергілікті Жастар ресурстық орталығының өкілдері Гуманитарлық-техникалық колледж ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында референдум қорытындысы жайлы кеңінен айтылды.
Референдум алдында да белсенділер күн-түн демей жұмыс істеді: жадынамалар таратты, іс-шаралар ұйымдастырды. Бүгінгі кездесуге 30-ға жуық оқытушы шақырылған. Олардың барлығы 6 қазан күні дауыс беріпті. Ұстаздар шығарылған қорытынды өзекті мәселелердің шешілуіне, елдің дамуына серпін береріне сенеді.
СӘУЛЕШ ШЕРИЯЗДАНОВА, Гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі:
– Менің ойым керек деп ойлаймын. Бізде энергия жетіспейді. Ресейден алуға мәжбүрміз.
Байболат Құлтанов