Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Полицейлер 46 күндік шұғыл шара өткізіп жатыр

Учаске. Полиция қызметкерлері 46 күн бойы өткізетін шара осылай аталады. Акция профилактикалық мақсатта ұйымдастырылады, яғни учаскелік инспекторлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейтеді. Бұдан бөлек тұрғындарға өздерін таныстырады, халықпен арадағы қарым-қатынасты нығайтады. Қалай? Сырласады, сұрақтарына жауап береді, визиттік карточкасын ұсынады, ортақ чатқа қосылады, алаяқтан қорғану әдістері жазылған жаднама таратады. Сондай-ақ, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар тексеріледі. Шара барысында осы санаттағы 60-қа жуық адаммен кездесу өткен.