Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр. Кезекті маңызды шара Киров атындағы зауыт қабырғасында өтті. Қалалық мәслихат депутаттары өндіріс орны қызметкерлеріне ауқымды ақпарат ұсынып, қазанның 6-сы күні өтетін референдумға қатысуға, дауыс беруге шақырды. Жиын барысында түрлі сұрақтарға жауап берілді. Білікті мамандардың сөзінше, станса адамдар көп шоғырланған аумақта емес, бос кеңістікте салынатын болады. Айта кету керек, халық қалаулылары күніне 3-4 ұйымға барып, нысанның елімізге ауадай қажет екенін түсіндіруде.
АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ, қалалық мәслихат төрағасы:
– Маңызды нысан Балқаш көлінің жағасында немесе шығыс аймақта салынуы мүмкін. Бірақ, әзірге бұл нақты ақпарат емес. Стансаның салынуы бойынша айтатын болсам, Балқаш көліне еш зияны жоқ. Себебі, көл әрқашан тазаланалып отырады. Көбісі “Ядролық қалдықтар қайда кетеді?” деп сұрап жатыр. Бірақ, мамандар бұл жағдайды алдын ала ойлап, жоспарлап қойды. Сондықтан, еш уайымдаудың қажеті жоқ. Менің ойымша, АЭС мемлекетімізге ауадай қажет. Өйткені, Қазақстанда электр энергиясы тапшы. Әрине, әркімнің өз ойы бар. Рефердумға келіп, дауыс беріңіздер!
Мәдина Қаби