ТКШ

“Есіл су” мамандары баспасөз турын ұйымдастырды

“Есіл су” кәсіпорны өңірде 12 ауданға қызмет көрсетеді. Бұл – 232 елді мекен. Сондай-ақ, қызмет аясына көрші өңірлердегі бірнеше елді мекен кіреді. Кәсіпорынға тиесілі магистральді құбыр ұзындығы 3268,3 шақырымды құрайды. “Есіл су” мамандары жуырда баспасөз турын ұйымдастырды.

НИКИТА ЗАБАВИН, «Есіл су» филиалының бас инженері:

– Филиалдың 2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламасының сомасы 851,2 млн теңгені құрайды. Апаттық учаскелерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мына сутартқыш 65-ші жылы пайдалануға берілген. Құбыр материалы – құрыш, диаметрі – 500 мм, апаттың учаскенің ұзындығы – 6,1 км. 2023 жылы осы учаскеде 16 жерасты зақымданушылық болды. Бүгінде тиісті құбырлар мен материалдар жеткізілді. 3 шақырымнан астамы төселді. Құбыр салу және оны дәнеркерлеу жұмысы әлі жүріп жатыр. Қыркүйек айының соңына қарай аяқтаймыз.

 

Данаш Хамза