Қоғам

СҚО-да биыл өрттен 16 адам ажал құшты

Ағымдағы жылы облыста 240 өрт оқиғасы орын алып, 16 адам қаза тапқан.
Статистика биыл былтырғыға қарағанда сәл азайыпты. Ақпармен облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин бөлісті.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Өрттердің 70 пайызы тұрғын үй секторында орын алған. Сондықтан, бірнеше рейдтік шара өткізбекшіміз. Іс-шара барысында жылыту пештеріне, электр сымдарына ерекше назар аударамыз. Адамдарға қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіреміз. Тұрғындар жылыту маусымына осы бастан сақадай сай болуы тиіс.

Әрине, апат айтып келмейді. “Бірақ, рейдтік іс-шаралардың арқасында қайғылы жайттардың алдын алуға болады дейді”,- мамандар.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Былтырғы жылы көміртек тотығынан улану фактілері көп тіркелді. Сол үшін жылыту пештерін дұрыс пайдалану қажет. Ал мұржаларды уақытында әктеу қажет. Биыл департамент қызметкерлері 49 мыңнан астам үйге барып тексеріс жүргізді. Бақылау жұмысы 104 мыңға жуық адамды қамтыды.

Айта кету керек, тамыздың 15-і күні облысымызда өрт қауіпсіздігі айлығы басталады.

 

Нұрасыл Ахмет